.RU

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру

Дата15.02.2017өлшемі50.44 Kb.
Құбасай бастауыш мектебі
Ажниязова Арайлым Сарсеновна

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру.

  2. Оқушыларды жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесін үйрету.

  3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілектер:бағдаршам,жол белгілерін салған суреттер,жол ережелеріне арналған кітаптар

Кіріспе: «Жол ережесін жадында ұста!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы жүріп, абай болуды талап теді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады.Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келетін салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреуілер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреуілері жарақат алады.Ал кейбіреуілері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепке оқылатын «Жол жүру ережесін» мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.

Ал енді «Жол тәртібін жадында ұста» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.



1. Негізгі бөлім.

Қатысушылар (костюм киген балар):



  1. Дәрігер ата-Шипагер;

  2. Ертеңгілікті жүргізуші-жас инспектор Ислам

  3. Жол ережесін білмейтін бала;

  4. Ертеңгілікті жүргізуге көмектесушілер- піл, түлкі, қоян, мысық.

1-оқушы:

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа түра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Жас инспектор:

Ататай, қараңыз мына бір сұмдықты,

Маймаққа не болған кім оны қынжылты

Шипагер:

Маймағым, не болды, жасымай айтшы өзің?

Неліктен көкпеңбек, ісінген бас-көзің?

(пілдың басын таңып, дәрі-дәрмек жаққан болады).

Піл (уілдеп жыламсырап):

Айтайын жасырмай шынымды,

Сақтаңыз шыбындай жанымды.

Жармасып бал тақсыр машина-қадаққа,

Домалап түстім де болдым азапқа.



Шипагер:

Бір сәтке тойынар тәп-тәтті бал үшін,

Тәртіпті бұзыпсың қарынның қамы үшін.

Піл : Шипагер ата, Ислам, енді қайтып ұрлық та жасамаспын, жолда жүру ережесін бұзбаспын.

Түлкі: жүгіріп екеуміз ойнадық қуыспақ.

Қоян: Ауладан шап беріп алмақшы қу ұстап.

Түлкі: Ал Қоян зып беріп көшеге жөнелді.

Қоян: Аула тар болған соң қайтейін мен енді?

Түлкі: Қоянды қуам деп тапқаным, құйрықты әрең деп сақтадым.

Қоян: Машина астынан жүгіріп өткенде,құлақты бір темір зақымдап кеткені!

Шипагер:

Құлақ пен құйрыққа жағатын дәрі бар,

Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар.

Шипагер ем көретуге кіріседі. Шымылдық артынан мысық көренеді. Бір аттайды да кейін шегінеді.



Ислам :

Келе ғой, Мысығым, атаңнан қорықпа,

Жараңды жазады, жылама, зарықпа.

Құйрығы үзілген, әттеген,

Жасайық сәтте ем.

Мысық:

Доп қуып көшеде Әтеш бар, Лақ бар,

Көп өткен машина кедергі бірақ та.

Кеп қалған біреуі байқамай басты да,

Добымыз жарылды дөңгелек астында.

Құйрықтан, мүйізден, құлақтан айырылып,

Достарым анда тұр ,кіруге қаймығып.
Шипагер: Мыналарды мен тез ауруханаға жеткізейін. (Алға асыға өтіп тоқтайды да залда отырған балаларға қарап). Балалар, көрдіңіздер ме жолда ойнағанның кесірін? Мына сотқарлар жол жүру, көшеде сақ болу ережелерін өрескел бұзғандықтан осындай халге душар болған. Мейрамгуль қарағым, жол жүру ережелерін балалалрдың есіне салатындай ойын-сабақтар өткізуді өзіңе тапсырамын.(Хайуанаттардың ертіп кетеді).

Ислам :

Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға,

Көрдіңдер ғой ұмытқанды ережені далаңдап.

Ал,қанеки, үйренейік біз де жүру тәртібін,

Ережені жақсы білер, жатқа білер бар кімнің?

Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.



Сахнаға жол белгілері атрибуттарын киген балалар шығады.

Бағдаршам атрибутын киген оқушы:

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Төрт топқа бөлінген жол белгілері сахна ортасына сап түзеп, қаз-қатар тұра қалады. Әр топта бір-бірден бастаушы бар.

Сақтандыру, ескерту белгісі: (Жас инспектор формасы киген, қолында айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш қалаған ұстаған).

Қып-қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам,

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Тыйым салу белгісі: ( Форма киген, қолына қызыл жолақпен көмкерілген сары түске боялған, дөнгелек қалған).

Қызылмен боялған шеңберлі аумақты,

Тыйылмыш белгі мен, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақын жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жаққа.

Міндеттеу (анықтама) белгісі (қолындағы көк түсті дөңгелек қалқанды алға тосып):

Белгімін көрсеттер жылдамдық, бағытты,

Міндетті бұрылыс, әтпесе қауіпті.

Барлығын аңықтап тұрамын жолында,


Абай бол, шартымды міндетті орында!

Нұсқау (көрсеткіш) белгісі (қолында көк түсті төрт бұрышты қалған):

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,

Үн-түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде от болып жанады,

Көк түске боялған, төрт бұрыш шырағым.

Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.


1) Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)

3) Екі аяқты, бір ізді,

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмін ол мнің

Аяғымды жүргізді. (Велосипед)

4) Үзенгісін тептім,

Зымырап кеттім. (Велосипед)

5) Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өмірінді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)

6) Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам)

7) Өзі тым күшті, Аяғы тісті.

Ілезде тындырар Қыруар істі. (Трактор)

8) Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)

Викториналық сұрақтар.

1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?

Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?

Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.

3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?

Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.

4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?



Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатырған көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн

Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:

sad-radugi.html
sadikov-askar-sadikovich-matematika-sabatarinda-oushilardi-sini-tridan-ojlau-dadilarin-aliptastiru.html
sadko-i-stihijnie-bedstviya.html
sadovod-ogorodnik-ind-klendar-spravochnik-sadovoda-i-ogorodnika-pechatnie-sredstva-massovoj-informacii-vklyuchennie.html
sadovodstvo-i-vinogradarstvo-ukraini-chast-5.html
safonov-al-modeli-zanyatosti-v-byudzhetnoj-sfere-rossijskoj-federacii.html
  • holiday.bystrickaya.ru/obshaya-harakteristika-programmi-podgotovki-bakalavra-4-4-trebovaniya-k-urovnyu-podgotovki-neobhodimomu-dlya-osvoeniya-programmi-podgotovki-bakalavra-5-stranica-5.html
  • school.bystrickaya.ru/chislo-kak-sushee.html
  • write.bystrickaya.ru/filipp-bogachev-russkaya-model-effektivnogo-soblazneniya.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/rukovodstvo-uchrezhdeniya-stranica-3.html
  • notebook.bystrickaya.ru/instrukcii-po-napisaniyu-proekta-programma-fulbrajta-po-obmenu-uchenih-na-200.html
  • essay.bystrickaya.ru/bibliografiya-b-a-astafev-strategicheskoe-prognozirovanie-i-upravlenie-na-osnove-genoma-i-zakonov-mira-teoriya-i-praktika.html
  • doklad.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-buhgalterskij-uchet-cennih-bumag.html
  • bukva.bystrickaya.ru/ogon-protiv-ognya-takoj-malenkij-krokodil.html
  • textbook.bystrickaya.ru/investiciyalardi-zhzege-asirudi-zhne-investiciyali-preferenciyalardi-berud-kzdejtin-investiciyali-zhobani-ske-asirua-investiciyali-kelsmshart-zhasasu.html
  • tasks.bystrickaya.ru/1-5dnej14nochej-zaezdi-04-05-11-03-06-11-17-06-11-01-07-11-15-07-11-29-07-11-12-08-11-26-08-11-30-09-11.html
  • universitet.bystrickaya.ru/sudebnaya-praktika-po-delam-ob-administrativnih-pravonarusheniyah-ingushskij-gosudarstvennij-universitet.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/psihologiyali-ahual-olimizdi-isaji.html
  • klass.bystrickaya.ru/analiz-finansovo-hozyajstvennoj-deyatelnosti-konkursnoe-zadanie-ii-etapa-oblastnogo-konkursa-buhgalter-professional-2006.html
  • control.bystrickaya.ru/doklad-komiteta-po-soblyudeniyu-v-ramkah-kartahenskogo-protokola-po-biobezopasnosti.html
  • assessments.bystrickaya.ru/chast-8-zaklyuchenie-gde-zhe-telo-kniga-sledi-bogov.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/651-obekt-nalogooblozheniya-prinyatie-sokrasheniya.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/tolerantnost-k-vich-polozhitelnim-lyudyam-otchet-po-pervomu-etapu-issledovaniya-razrabotka-koncepcii-informacionnoj-kampanii.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-tretya-luchshie-prakticheskie-metodi-yuridicheskogo-obrazovaniya-ponya-tie-i-k-arta-roj-staki-i-drugie.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/psihologiya-professionalnogo-obsheniya-rabotnikov-pravoporyadka-chast-3.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/4-mezhdunarodnij-kredit-tema-mirovaya-ekonomika-i-meo-3.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/specialnost-050715-65-logopediya-kursovaya-rabota-na-temu-razvitie-kommunikativnih-umenij-u-starshih-doshkolnikov-s-onr-iii-urovnya.html
  • urok.bystrickaya.ru/pravit-vliyanie-avarii-na-zdorove-lyudej-material-iz-vikipedii-svobodnoj-enciklopedii.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/socialnie-utopii-vozrozhdeniya-na-primere-tvorchestva-t-mora-i-t-kampanelli.html
  • education.bystrickaya.ru/10-otkaz-v-dopuske-v-samashki-predstavitelyam-mezhdunarodnogo-komiteta-krasnogo-kresta-drugih-gumanitarnih-organizacij-vracham.html
  • textbook.bystrickaya.ru/ivan-pavlovich-susov-istoriya-yazikoznaniya-stranica-2.html
  • znanie.bystrickaya.ru/56-slabotochnie-seti-generalnij-plan-ilskogo-gorodskogo-poseleniya-severskogo-rajona.html
  • literature.bystrickaya.ru/chast-vipusknikov-horosho-podgotovilis-k-ekzamenam-i-pokazali-glubokie-znaniya-po-obshestvoznaniyu-istorii-informatike-i-dr-predmetam.html
  • pisat.bystrickaya.ru/tema-5-nablyudenie-videlenie-raznih-sostoyanij-obekta-metodicheskie-rekomendacii-dlya-uchitelya-1-klass-sistema.html
  • znanie.bystrickaya.ru/5-ledovih-pereprav-otkrili-v-irkutskoj-oblasti-29-dekabrya-internet-resurs-ust-ordaru-29122011.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/segodnya-v-yurge-vvedeni-v-stroj-dve-pechi-na-ferrosplavnom-zavode.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/uniscan.html
  • essay.bystrickaya.ru/ekzamenacionnie-voprosi-uchebno-metodicheskij-kompleks-uchebnoj-disciplini-mehanika-osnovi-mehaniki-sploshnih-sred.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/urok-po-literature-v-7-klasse-tema-obraz-mciri-poiski-lermontovim-idealnogo-geroya-borca.html
  • letter.bystrickaya.ru/nadomnaya-forma-obucheniya-otchet-odeyatelnosti-gou-lo-slancevskaya-specialnaya-shkola-internat-za-2010-2011-uchebnij-god.html
  • shkola.bystrickaya.ru/razvitie-groz-v-konvektivnih-oblakah.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.